Сайлау учаскелерінде 20 мың сақшы қызмет атқарып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі сайлау күнінің түске дейінгі кезеңі қалыпты жағдайда өткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Сайлау күнінің түске дейінгі кезеңінде елдегі жағдай тыныш. Құқық қорғау органдары бүкіл республика бойынша құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде 20 мың полиция қызметкері қызмет атқарып жүр. Одан бөлек қоғамдық орындарда 14 мыңдай сақшы жұмыс істеп жатыр», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Жандос Мұраталиев телемарафонда.

Бүгін еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру өзге учаскелерден 1 сағат бұрын басталды.

Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, елімізде дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат тіркелген. Олар республика аумағында орналасқан 10 101 сайлау учаскесінде дауыс береді. Ал 53 шет мемлекеттегі 68 учаскеде 12 527 Қазақстан азаматына дауыс беру мүмкіндігі жасалған.

Бұған дейін ОСК кезектен тыс Президент сайлауының барысын 641 халықаралық байқаушы қадағалайтынын мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар