Семей ақылды қалаға айнала ма

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын іске асыру барысымен таныстырды. 

Семей
Фото: abaidan.kz

— Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін, цифрлық жүйе мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды деп атап өтті. Осы бағытта облыста жасанды интеллект технологияларын дамытуға, оларды түрлі салаға енгізуге және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр, — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Сондай-ақ өңір басшысы Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын іске асыру аясында жол картасы әзірленіп жүзеге асырылып жатқанын айтты. 

— Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қалалық процестерді автоматтандыру мақсатында барлығы 27 жоба жоспарланды. Бүгінде оның жетеуі іске асырылды, қалған 20 жоба іске асыру сатысында, — деп толықтырды әкім.

Айта кетейік, Семейде жаңа жылу электр орталығын салу бойынша жедел жұмыс тобы құрылды

Сондай-ақ Берік Уәли Семейде өнеркәсіп өндірісін кеңейту мақсатында 500 гектар жер бөлінетінін мәлім етті

Соңғы жаңалықтар