Семейде нәрестесі қоқыстан табылған әйел үйқамаққа жіберілді

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласында қоқыстан табылғаның нәрестенің анасы үйқамаққа жіберілді.

МВД РК, шеврон МВД РК, полиция
Фото: ІІМ

Еске салсақ, 3 ақпанда Семейде қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған болатын. 

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін бөлімшеге жеткізген. Оның ішінде шақалақтың 20 жастағы анасы да бар. Бірақ олар уақытша ұстау изоляторына қамалмаған. Бұның себебін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсіндірді. 

- Бұл қосымша тергеу әрекеттері жүргізу қажеттігіне, оның ішінде нәрестенің өліміне нақты не себеп болғанын анықтау жұмыстары жалғасып жатқандығына байланысты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жіті тексерілуде. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады, - делінген ақпаратта. 

Ведомство дерегінше, кінәсі дәлелденген әрбір адам заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум