Сербия парламенті премьер-министр Вучевичтің отставкасын мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM – Сербияның жаңа үкіметі мен басшысы cкупщина премьер-министр Вучевичтің отставкаға кетуін мақұлдағаннан кейін 30 күн ішінде тағайындалуы керек. Әйтпесе, елде мерзімінен бұрын сайлау өтуі тиіс, деп хабарлайды DW

Парламент Сербии утвердил отставку премьер-министра Вучевича
Фото: Анадолу

Сербия парламенті ел премьер-министрі Милош Вучевичтің отставкаға кетуін мақұлдады. Енді кезектен тыс сайлауды болдырмау үшін жаңа премьер-министр мен үкімет алдағы 30 күн ішінде, яғни 18 сәуірдің түніне дейін тағайындалуы керек. 

Сербия Ұлттық скупщинасының спикері Ана Брнабичтің айтуынша, алдағы тиісті қадамдар ел президенті Александр Вучичке жүктеледі, ол премьер-министр лауазымына жаңа кандидатты ұсынуы керек. 

Вучевич отставкаға кететінін қаңтардың соңында билеуші Серб Прогрессивті партиясымен (SNS) байланысы бар топ Нови-Сад қаласында студент-белсенділерге шабуыл жасағаннан кейін жариялады.

2024 жылдың қарашасында осы қаладағы вокзалдағы төтенше жағдай мен 14 адамның қазасынан кейін наразылық шаралары басталды.

Сербияда Нови-Садтағы қайғылы оқиғаға байланысты наразылыққа шыққандар жолды жапты.

Соңғы жаңалықтар