Шерзат соты: айыпталушы кінәсіз екенін дәлелдеу үшін полиграфтан өтуге дайын екенін айтты
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Аталған сот ісінде Дидар Қалиахмет өзінің төбелеске қатыспағанын және пышақ қолданбағанын немесе соққы жасамағанын дәлелдеу мақсатында полиграфтан өтуге дайын екенін атап өтті.
— Қазір технология дамыған заман. Қаласаңыздар мен жалған сөзді анықтайтын құрылғыдан өтуге дайынмын. Кімді ұрдым, ұрмадым бәрін айтуға әзірмін, — деді ол сотта.
Алайда сот бұл ұсынысты қабылдамады.
Осыған дейін Абзал Шынасыл сотталушылардың біреуі Шерзатқа пышақ салғаны жайлы айтқан болатын.
Сонымен қатар Дидар Қалиахмет жауап беріп, қылмыс жасалған сәттегі жағдайды баяндап берген еді.
Бұған дейін Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтқан еді.
Сондай-ақ Шерзат ісіндегі басты айыпталушы осыған дейінгі сөзінен бас тартқаны жайлы жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың өлімі бойынша алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза болғанын жазған едік.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.