Шымкентте әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған екі күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - 6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Терроризмді насихаттаған
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу материалдарының қорытындысы бойынша, бұдан бұрын ұсталған айыпталушының біреуі шет елде жүріп радикалды діни идеологияны қабылдағаны анықталды. 

екі күдікті ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар