Шымкентте тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы төмен

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады. 

Шымкентте тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы төмен
Фото: Kazinform

«Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үй қамтылған, бұл жоспардың 68%-ын құрайды. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады. Өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Сонымен бірге, білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Бес өңір жоспардан қалыс. Олар – Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, облыстары және Алматы қаласы.

Денсаулық сақтау объектілері бойынша дайындық 87%-ды құрайды. Төмен көрсеткіштер Қарағанды, Алматы, Ақмола, облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында байқалған.

«Республика бойынша 546 шақырым жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінге дейін оның 354 шақырымы немесе 65%-ы жөнделді. Бес өңірде желілерді жөндеу бойынша жоспардың 50%-дан кемі орындалды, оның ішінде Шымкент қаласында – 31%, Маңғыстау облысында – 41%, Атырау, Қостанай және Абай облыстарында – 49%», - деді Қ. Шарлапаев.

Еске салсақ, бұған дейін жылыту маусымына 8,6 млн тонна көмірге қажеттілік бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар