Ішкі істер министрі LRT вагондарын тексерді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік LRT нысандарын тексерді. Негізгі назар жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Тәртіп сақшылары вагондарды, станцияларды және техникалық жүйелерді қарап шықты. Қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруына жасалған жағдайлар зерделенді.
ІІМ LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. LRT-ның іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қала тұрғындарының қатынау ыңғайлылығы мен мобильдігін арттырды.
Айта кетейік, LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар саны 180 мыңға жетті.