ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр – ҰҚК

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Kazinform агенттігінің ресми сауалына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр – ҰҚК
Фото: ШҚО әкімдігі

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, - делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ ҰҚК өкілдері өзге мәліметтің жария етілмейтінін атап өтті.

– ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді бөлімше бастығы О. Бектенов.

Бұдан бұрын ШҚО әкімдігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты пікір білдірген еді. Әкімдіктің мәліметінше, интернетте тараған ақпарат ресми дереккөздер арқылы расталмаған. Сондай-ақ лауазымды тұлғаның денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында екені хабарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алатауда колония басшысының экс-орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум