14:30, 26 Ақпан 2025 | GMT +5
Сиыр етіне қатысты тапшылық жоқ - Арман Шаққалиев
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сиыр етінің бағасы не себепті күрт артқанын түсіндірді.

- Қазір ешқандай тапшылық жоқ. Осыған дейін бағаның өсуін байқадық. Бұған Өзбекстан мен Ресейден Қазақстандағы сиыр етіне жоғары сұраныстың болуы ықпал етті. Дәл қазір мұндай сұраныс жоқ, - деді А.Шаққалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз ету аясында көрші Өзбекстанға ірі қара мал еті экспортталмай жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі былтырғы ет экспортына қатысты түсінік берді.
Сиыр етінің негізгі экспорты Өзбекстанға бағытталған.