Солтүстік Ирландияға қарсы матчта Қазақстан құрамасында өзгеріс болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
ФОТО: Видеодан скрин
Өзгерістер болады, біз мұны Финляндияға дейін түсіндік. Әр ойын белгілі бір түзетулер енгізуді қажет ететіні анық. Тиісінше соңғы ойын осыған итермеледі. Негізінде, бұл жоспарланған өзгерістер. Алғашқы минуттарда алаңға кім шығады, оларды кім алмастырады - олар бізде жоспарланған.Біз үшін қарқынымыздан айырылып қалмау маңызды. Қазір тіпті сырт алаңдардағы ойындардың алдында болған деңгейде емеспіз. Біз межелі жоспарларға сәл жетпей қалып жүрдік. Оны ескереміз, қарқынды бәсеңдетпей, ойынды қалыпты дәрежеде ұстауға тырысамыз

, - деп мәлімдеді Магомед Адиев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де. Кездесуді «Qazsport» телеарнасынан, сондай-ақ ЭКСПО аумағындағы жазғы сахнадан тікелей көруге болады.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан аталған матчта ел құрамасына қолдау білдіру үшін Нью-Йорктен Астанаға ұшып шыққанын жазған болатын.


Соңғы жаңалықтар