Су тасқыны: Батыс Қазақстанға өзге өңірлерден мыңға жуық адам көмекке тартылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында апаттық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күш-құралдар тартылды. 

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде 972 адамның 558-і келген, қалған 414-і жолда. Атап айтқанда, Алматы қаласынан ҚР Қорғаныс министрлігі 61993-әскери бөлімінен – 100, 18404-әскери бөлімінен 200 сарбаз, Ақтөбе облысы ТЖ департаментінен 28 адам, 5 техника, 2 жүзу құралы, ТЖ министрлігі 20982-әскери бөлімінен 30 жауынгер, 2 техника, Қызылордадан ҚР Қорғаныс министрлігі 66597-әскери бөлімінен 200 сарбаз, 21 техника жетті.

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

Сонымен қатар Қостанай облысынан ҚР ТЖ министрлігі 52859-әскери бөлімінен 65 сарбаз, 5 техника, 2 мотопомпа, 2 жүзу құралы, Қызылорда ТЖ департаментінен 30 адам, 2 техника, 10 мотопомпа, 4 жүзу құралы, 1 «Газель», Түркістан ТЖ департаментінен 31 адам, 2 техника, 10 мотопомпа, 2 жүзу құралы жолда келе жатыр. Онымен қоса Алматы облысынан ҚР Қорғаныс министрлігі 32363-әскери бөлімінен – 254, 26363-әскери бөлімінен 30 сарбаз көмекке келмекші. 

БҚО ТЖ департаментінің мәліметіне қарағанда, өңірде суға кеткен саяжай үйлерінің саны 830-ға жеткен. Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі бүгін 736 сантиметрді көрсетті.

«Су тасқыны басталғаннан бері 13 068 адам эвакуацияланса, соның 5 472-сі – балалар, 19-ы – мүгедектер. Эвакуациялық пункттерде 1 819 адам орналастырылса, соның 877-сі – балалар. Қауіпсіз жерлерге 4 886 бас мал айдалды. Облыс бойынша 1 млн астам текше метр су сорылып, 364 мыңға жуық қап төселді. Қазіргі таңда су тасқынымен күреске 5 261 адам, 825 техника, 5 мотопомпа, 14 жүзу құралы және 2 тікұшақ жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО дәрігерлері Астанаға баруы тиіс жүкті келіншекті босандырып алғанын жазған болатынбыз.

Оралда эвакуациялық пунктте тұрып жатқан келіншек төртінші баланың анасы атанды.

Соңғы жаңалықтар