Суару кезеңінде қосымша 68 млн текше метр су болады — министр
АСТАНА. KAZINFORM — Жыл соңына дейін 153 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтып берді.

— Жыл соңына дейін топтық су құбырының 12 жобасын аяқтау жоспарлануда, бұл 423 мың халқы бар 153 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады, — деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Ынтымақ (Жамбыл облысы), Киров (БҚО), Қапшағай (Түркістан облысы) 3 су қоймасын қайта жаңарту және Түркістан облысындағы «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жалғасады.
Осылайша, суару кезеңінде қосымша 68 млн текше метр су болады, бұл Түркістан облысының 6 ауданын сумен қамтуды арттыруға кепілдік береді.
Сонымен бірге, биыл аспалы алаңы бар 1953 км суару каналдары пайдалануға беріледі.
— Барлық бастаманы іске асыру 2030 жылға қарай 10 млрд текше метр суды үнемдеуге және жинақтауға мүмкіндік береді. Ұзақмерзімді перспективада бұл елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырады және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, — дейді Н. Нұржігітов.
Бұған дейін Орталық Азияда трансшекаралық өзендер мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы материал жарияланған еді.