Сұлтанбек Айбарұлы әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды.

Боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін жұдырықтасады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Айбарұлы Оңтүстік Корея өкілі Ким Дахенді төрешілердің шешімімен жеңді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдашевпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, боксшы Ұлжан Сәрсенбек әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды.

Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.

 

Соңғы жаңалықтар