Талғар қаласының әкімі лауазымына үміткерлер белгілі болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Аумақтық сайлау комиссиясы Талғар әкімі болуға тіркелген кандидаттар тізімін жариялады.

кадр
Фото: Pixabay

Тізімде үш адам бар. 

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылып отыр.

Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынған.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппарат мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Бұған дейін Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгілегені туралы жазған едік.

Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған болатын.

15 қараша күні Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұржан Абдалимов тағайындалды

Соңғы жаңалықтар