Талғардағы қаралы үйдің өртенуі: Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады

АСТАНА. KAZINFORM - Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.

Бауыржан Аленов
Фото: Видеодан алынған кадр

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында», - деді Бауыржан Аленов.

Еске салайық, сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт сағат 01:43-де толығымен жойылды.

Бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Одан кейін Шерзаттың туған-туыстары мен Талғар тұрғындары ашық тергеу болуын талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.

Бүгін Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны белгілі болды

Соңғы жаңалықтар