Талибан әйелдерге енді сатушылармен саудаласуға тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – Талибанның ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі өзінің жаңа заңы арқылы әйелдерге қатысты шектеулерді күшейтті. Атап айтқанда, әйелдерге сатушылармен саудаласуға тыйым салынды. Бұл туралы Hasht e Subh Daily хабарлады.

Талибандағы әйел құқығы
Фото: Hasht e Subh Daily

Кейбір провинциялардағы «Талибанның» моральдық полициясы ер адамдарға әйелдеріне қатысты тиісті бұйрықтар шығарғаны атап өтілді. Олар әйелдер сатушылармен саудаласқан кезде олардың дауысын бейтаныс ер адамдар еститінін және бұл «еркектерді азғыратынын» алға тартты. 

Талибандардың пікірінше, әйелдер сөйлеспей, саудаласпай сауда жасауы керек.

Мораль полициясы өздерінің жаңа заңдарын орындау үшін зорлық-зомбылық әрекетін күшейтті делінеді. Азаматтар бұл заңға қатты алаңдаушылық білдірді. Олар бұл қысым, кек алу, қуғын-сүргін және жаппай қорлау секілді жағдайларды тудырады дейді. «Талибан» әйелдердің қолғап киіп, бетін толығымен жабуы керек екенін алға тартты.

Айта кетейік, Қазақпарат агенттігі тілшісі «Ауған карцері: Талибан неге әйелдерді адам құқығынан айырды» тақырыбында талдау жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар