Талибан өкілдері Ауғанстанның көпшілік аумағын басып алды - БАҚ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Талибан» жауынгерлері (қозғалыс Қазақстанда террористік деп танылып, оған тыйым салынған - автор) Ауғанстанды басып алуды жалғастыруда: жексенбі таңертең олар соғыссыз Джелалабадты алды, бүгін Мазари-Шариф соғыссыз берілді. АҚШ әскерилері Ауғанстандағы дипмиссия қызметкерлеріне көмектесу үшін Кабулға қайта оралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Талибан өкілдері Ауғанстанның көпшілік аумағын басып алды - БАҚ

«Қазір Джелалабадта қақтығыс жоқ, себебі губернатор «Талибанға» берілді. Бұл азаматтардың өмірін құтқарып қалудың жалғыз амалы, сондықтан ьталибтерге кіруге рұқсат берді», - деді жексенбі таңертең Джелалабадтағы белгісіз шенеунік.

Джелалабад – Нангархар провинциясындағы әкімшілік орталық. Ол Кабулдың шығысында, ел астанасы мен Пәкістанның шекарасында орналасқан. Сенбі күні кешке талибтер Ауғанстанның солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі Мазари-Шарифті басып алған болатын.

Еске салсақ, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады.

Сондай-ақ, ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда.