Таңғы астағы жәндік: Ақтөбедегі бөбекжай-бақшасында үш қызметкер жұмыстан шығарылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Мұғалжар ауданы Самал бөбекжай-бақшасында ботқа ішінен жәндік шығып, үш қызметкер жұмыстан шығарылды. Қазір мұнда облыстық білім басқармасының зерделеу тобы жұмыс істеп жатыр.

балабақша
Фото: Астана әкімдігі

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласындағы оқиғадан соң облыстық білім басқармасының жұмыс тобын құрды. 

— Бүгінгі күні бұл балабақшаның меңгерушісі, медбикесі, бас аспаз жұмыстан шығарылды. Таңғы ас балаларға таратылған жоқ, берілген жоқ. Тек құйып, таратылар кезде анықталды. Видеоны кім түсіргені анықталады. Әкелінген азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтпеген. Бұл жерде дайын болғаннан кейін ғана анықталып тұр, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова.

Айта кетейік, бұл балабақшада 210 тәрбиеленуші бар. Мұнда білім басқармасы ғана емес, Мұғалжар аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан да тексеру жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар