Тараз бен Шымкентте 2 баллдық жер сілкінісі сезілді

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 6 желтоқсан күні Астана уақытымен 2 сағат 04 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе
Фото: freepik

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым қашықтықта орналасқан.

Дүмпу Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл шамасында сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

ТЖМ тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікке бағытталған мына 10 қарапайым қадамды есте сақтауды ескертеді:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден қашық тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышынан орын алып жасырыныңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындап қою қажет);
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, жақында ғана Алматыда жер сілкінді.

Соңғы жаңалықтар