«Таза қала» Хромтауда: Моноқаланы мазалайтын мәселелер қандай

ХРОМТАУ. KAZINFORM — Jibek Joly телеарнасындағы «Таза қала» бағдарламасы Ақтөбе өңіріне жетті және әлемдегі ең ірі хром кені бар Хромтаудың тазалығы мен эстетикасын бағамдап қайтты.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Бағдарлама барысында жүргізушілер екіге бөлініп, қаланың тазалығына қатысты ақпаратты зерттейді. Бірі жақсы, енді бірі жағымсыз тұстарын анықтайды және бар мағлұматты жинап, сарапшыларға тапсырады. Мамандар шешімді 5 критерийге сүйене отырып шығарады. Әрқайсысы 10 балдық жүйемен бағалайды.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Кәсіпорын қалаға бірнеше нысан салып берген

Хромтау – Ақтөбе облысындағы моноқала және маңызды өндірістік орталықтардың бірі. Жалпы Қазақстан хром қоры бойынша әлемде екінші орында, ал сапасы бойынша бірінші орында тұр. Бұл қалада тау жоқ, кезінде хром өндірілген соң оның қалдықтары тау боп үйілгендіктен қала атауы Хромтау атанып кеткен көрінеді.

Қаланың іргетасы 1967 жылы қаланған. Оның негізгі құраушы кәсіпорны – «Дөң» тау-кен байыту комбинаты. Бүгінде «Дөң» тау-кен байыту комбинатында 8500 адам қызмет етеді. Олардың 10 пайызы вахта әдісімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың негізгі бөлігі – Хромтау қаласының тұрғындары, олар қала халқының 30 пайызын құрайды.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Комбинат соңғы екі жылда қаланың әлеуметтік дамуына 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлген. Ал өндірістік аймақ шекарасына 3200-ге жуық ағаш отырғызылыпты.

– Комбинат Хромтау қаласына дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салып берді. Тегін медициналық қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылды. «Мұғалжар» балалар-сауықтыру лагері бар. Өткен жылы меморандум аясында Хромтау қаласы әкімдігімен бірге жоба жүзеге асырдық. Атап айтқанда, жалпы құны 1,8 млрд теңге құрайтын мәдениет үйі қолданысқа берілді. Биыл құны 400 млн теңгені құрайтын бассейн құрылысы жоспарда тұр, – дейді «Дөң» тау-кен байыту комбинатының директоры Бауыржан Өтемісов.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Айтпақшы, кәсіпорында 2021 жылға дейін шамамен 14 млн тонна шлам қалдығы жиналған екен. Осыған байланысты хром шикізатын кешенді түрде қайта өңдеу үшін «ERG Green» жобасы қолға алынған.

Әкімдік түсірілім тобын неге аңдыды


Бағдарлама жүргізушілері қалаға шолуды Хромтау көшелерінің шұрық-тесік жолдарынан бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жөндеу жұмыстары басталған, бірақ аяқсыз қалған.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– Хромтаудың жол инфрақұрылымы – ең маңызды сұрақтардың бірі. Хромтау қаласында 88 көше бар. Жыл сайын біз осы бағытқа ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Былтыр Хромтауда 18 көше жөндесек, биыл 23 көшеде жөндеу жұмыстары өтеді. Әлі атқаратын жұмыс көп, үш жылдық жоспарымыз аясында 88 көшені толығымен жөндейміз, – деп ақталды Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Хромтауда тіршілік қайнап жатқанымен, ұсақ-түйекке мән берілмейтін сияқты. Мәселен орталықтағы көшенің қиылысында ашық қалған кәріз құдықтары ағаш, шифр секілді қолға ілінген жабдықпен жабылғаны көрініп тұр. Балалар түсіп кетпесін деп, айналасын лентамен қоршап қойған.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Қаладағы балалар ауласын да жүргізушілер қауіпсіз деп ауыз толтыра айта алмады. Онда бәрі жаңа сияқты көрінгенімен, төсеніштері ойылған, қоршауы бұзылған, төбеден төніп тұрған қураған ағаштар балаларға құлауы мүмкін, әткеншектері сынған. Мұны әкімдік бұзбайтыны анық, тұрғындардың пайдалануына берілген соң жауапкершілікпен қарау қажет-ақ.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Қала ішіндегі құрылыс қалдықтары да менмұндалап көзге түсті. Іргеде тұрған ескі ғимаратты бұзып, содан қалған қалдықты осында төгіп кеткен. Ескі үйлердің маңайы қоқысқа толып, іргетасы үгітіліп тұр. Баспалдақ та баса-баса тегістеліп кеткен. Мұндай опырылған баспалдақ Жеңіс аллеясында да бар. Әкімдік оны жөндеуге түсірілім тобы келгенде ғана апыл-ғұпыл іске кіріскен. Шағын қаланың шырайын келтіретін, тұрғындардың күнделікті қоғамдық көлік күтетін орны – аялдамалардың да күйі мәз емес.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Ал әкімдік аялдаманың халімен емес, түсірілім тобының ізіне түсумен әлек болды. Алғашында Kia маркалы автокөлік телеарна көлігінің соңынан жүріп отырды. Оны байқағанын білген соң, бірден ізін суытты. Аңду мұнымен тоқтамай, түсірілім тобына Toyota көлігі ілеседі. Кейіннен оның қатарына басқа да жекеменшік көліктер қосылды. Оларды сұхбатқа тартқысы келгенімен бәрі айнала қашқан. Сонда әкімдік кімнен және неден қорықты?

Тұрғындар жасаған аллея

Дегенмен Хромтаудың әсемдік пен күтімге толы көшелері де камера назарынан тыс қалмады. Биыл Хромтау қаласына 1400 түп ағаш, 3000 қарағаш егіліпті. Бүгінде олар қала көркін арттырып тұр.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– Қазіргі уақытта Хромтау қаласында 6 мың шаршы метр гүл егілді. Олардың арасында раушан, гайлардия, газания, ирис, қалампыр секілді көпжылдық гүлдер бар. Біржылдық петунья да бар, бәрін араластырып егеміз. Көпжылдық шөптер газон ретінде егіледі, қаламызда 22 мың шаршы метр газон бар. Қазір күтіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатырмыз, – деді көгалдандыруға жауапты компания өкілі Қанат Шүлембаев.

Қаланың таза әрі әдемі болуы тек бір адамның қолында емес. Мәселен бұл қалалық саябақ емес, қала тұрғыны Хамит Оразбаевтың қолдан жасаған аллеясы. Мұнда 20-25 түп ағаш өсіп тұр.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– 2020 жылдың күзінде немерем екеуміз айналаны әсемдеуді бастадық. Биыл бесінші жыл айналысып келеміз. Бұл менің аумағым емес, бірақ сонда да көзге әдемі болып тұрғаны жақсы ғой. Көршілер де жылдан-жылға қатарымызға қосылып, талдар мен гүлдер егіп жүр, – дейді Х. Оразбаев.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

30 мыңнан аса тұрғыны бар қалада айналасын абаттандыруға бейім әрі құштар жандар жетерлік. Олардың бірі – «Ең үздік аула» тұрғындары.

– Осы жерден алаңды белгілеп, асфальт төседік. Өз қаражатымызға гүл сатып алып, айналаны абаттандырдық. Оларды суарып, күтіп-баптау жұмыстарын жүргіздік. Бәрін өзіміз үшін істедік. Осылайша, қаладағы барлық ауланың ішінде үздігі деп танылдық. Шамамен 10 жыл бұрын алма ағашын отырғызғанбыз. Биыл жеміс беріп жатыр, – дейді аула тұрғыны Оксана Кравченко.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Сонымен бірге, Хромтау ғимараттарында көзге бірден түсетін муралдар бар. Оларды әкімдіктің ұсынысымен суретші Айнұр Қалабаева салып шыққан.

– Осындай кірпіш үйлерде мурал салған ыңғайлы. Өйткені сурет салғанда бәрін есептейсің, санайсың. Ал монолит үйлерде сәл қиындау болады. Қазір Хромтауда 9-10 мурал бар, – дейді суретші А. Қалабаева.

Полигонда пластик қалдықтар өртеніп жатыр

Аулаларда қоқыс контейнеріне жетпей қалған қалдықтар да көзге түсті. Бұл тұрғындардың тазалық мәдениетінің бір көрсеткіші. Айтып ауыз жиғанша қоқыс контейнерінің маңына жүк көлігі жетті. Бұл қалдықтар 10 гектар аумақты алып жатқан жалғыз қоқыс полигонына жеткізіледі. Онда қалдықтар көміліп, ішінара қолмен сұрыпталады екен. Бірақ полигонның өзінде қалдықтар дұрыс сұрыпталмай, өртеліп жатыр.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– Қазір қолмен сұрыптаймыз. Бірақ жартылай механикаландырылған зауыт жабдықтарына тапсырыс бердік. Онда да қолмен сұрыпталады, бірақ қоқыс конвейер арқылы автоматты түрде беріледі. Ал тамақ қалдықтарын көміп, қалғанын өртеуден басқа амалымыз жоқ. Жұмысшылар ағаштарды кесіп, шөптер мен бұталарды орады. Жолай пакеттер мен қаптарды да ала кетеді. Ал бұл – көлемді қоқыс. Біз оны өртейміз. Олар жиналып қалса, бульдозермен де таси алмайсың. Өйткені бұталар радиаторға да, жүріс бөлігіне де кіріп кетеді, – дейді қоқыс полигонына жауапты компания өкілі Алексей Ковенский.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Алексей мырза Экологиялық кодекске қатысты тілшілер сұрағынан ат-тонын ала қашты.

– Әртүрлі қалдық әртүрлі әдіспен жойылуы керек. Бірақ бәрі заңда жазылғандай орындала бермейді. Кейде ауытқу да болады, – деп мойындады ол.

Хромтау қаласында қоқыс жинаумен екі компания айналысады. Осыдан 3-4 жыл бұрын Хромтауда қоқыс контейнерлерінің жанына сұрыптау үшін тор қойылған екен. Кейінірек алынып тасталыпты.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– Бізге ең қиыны, тұрғындар үйіндегі үлкен тоңазытқышын, диванын, шкафын шығарып тастайды. Арнайы техникаға мұндай көлемдегі қалдықтарды салуға болмайды. Олар полигонға тасталуы керек. Осыдан төрт жыл бұрын полигонда пластик бөтелкелер сұрыпталатын. Ақтөбеде оны қабылдайтын. Қазір картонды да, пластикті де еш жерге өткізе алмайсың, – деді қоқыс компаниясының өкілі Талма Тасболатова.

Өз кезегінде Хромтау әкімі қоқыс полигоны 70 пайызға жуық толғанын атап өтті.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

–Біз биыл полигонды қайта жаңғырту жобасын әзірлеп жатырмыз. Келер жылы оны кеңейтіп, қоршауын ауыстырып, қажетті заттарды, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен бірге, осы мердігер мекеме қоқыс полигонында сұрыптау мәселесін әрі қарай ұйымдастырады. Қазір «Өркен» өңірлік бағдарламасы аясында несие алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырады, – деп түсіндірді Нұрхан Тілеумұратов.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

Сарапшылар бағасы

«Таза қала» жүргізушілері Астана туралы барлық ақпаратты жинап, сарапшыларға тапсырды. Мамандар көшедегі тазалық пен тәртіп, коммуналдық қызметтің жұмыс жүйесі, абаттандыру, халық мәдениеті, қала эстетикасы атты бес критерийге сүйене отырып, қалаға өз бағаларын берді.

Бұл шығарылымды Астана қалалық Урбанистика орталығының урбанист-сәулетшісі Тұрсын Жиенбаева, «Sparklo Kazakhstan» ЖШС бас директоры Әділет Нұрселинов, Астана қалалық мәслихатының депутаты Сәуле Самидин бағалады.

«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly
«Таза қала» в Хромтау: ухоженные аллеи, опасные люки и слежка за журналистами
Фото: Jibek Joly

– Коммуналдық қызметтің графикпен жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Инфрақұрылым да бар, бірақ дамытуды көбейту керек. Қала халқының мәдениетін де дамытуға әкімдік көңіл бөлуі керек. Қаланың өркендеп жатқаны байқалады, бұрынғы жылдарға қарағанда даму бар. Бірақ қала келбеті әлі советтік кезеңде қалып қойғандай, – деп пікір білдірді депутат Сәуле Самидин.

Урбанист Тұрсын Жиенбаева бес көрсеткіш бойынша қаланың жағдайы жақсы деп есептейтінін айтты.

– Қала көшелерінде тазалық пен тәртіпке 1 ұпай, жергілікті коммуналдық қызметтің жұмысына – 2 ұпай бердім. Себебі қоқыстың уақытылы жиналып жатқанын көріп отырмыз. Қалада қоғамдық орындар мен жасыл желек жеткілікті. Көбірек ұпай беруге болатын еді, бірақ көлік жолдары жөндеуді қажет етеді. Қалада кей көшелерде жарық шамдары аз, – деді ол.

Эколог-кәсіпкер Әділет Нұрселиновтің айтуынша, Хромтауда тазалық пен тәртіп бар, күнделікті көңіл бөлініп, жұмыс атқарылып жатқаны көрінеді.

– Коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр, бірақ осал деп ойлаймын. Қалада қоқыс жинайтын төрт көлік қана бар, 30 мың халық тұратын қалаға бұл өте аз. Полигонның жан-жағы қоршалмаған, тұрмыстық қалдықтарды өртеп, оны қалаға зиянын келтіріп отыр. Қала жақсы абаттандырылған, оған 2 ұпай бердім, оны әрі қарай дамыта түссе деген тілегіміз бар. Әлеуметтік тәжірибе жасалған екен, онда адамдардың қала тазалығына қаншалықты үлес қосуға дайын екенін көрдік. Әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті, – деді ол.

Жалпы есепте Хромтау қаласы 22 ұпай алып, Астанадан кейін (28) екінші орынға тұрақтады. Үшінші орында Лисаков (21), төртінші орында – Рудный (20), бесінші орында – 16 ұпай алған Степногорск және Жітіқара қалалары тұр.

Еске сала кетсек, Таза қала» жобасы «Ең үздік әлеуметтік тележоба» номинациясы бойынша «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығын жеңіп алған еді.

Үздік жоба биыл да екінші маусымымен қайта оралды. Бұл жолы түсірілім тобы моноқалаларға ерекше көңіл бөліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі экологиялық ахуалды тереңірек талдамақ. Тележоба аптасына 2 рет — дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 19:30-да көрермен назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар