Тәжікстанда жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM – Жерасты дүмпуі 9 қаңтарда Астана уақытымен  сағат 2:14-те (Гринвич бойынша 8 қаңтар күні кешкі сағат 21:14) Тәжікстан аумағында тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.

Өзбекстан бастамасымен Халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні белгіленді
Фото: oxu.az

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.74 градус солтүстік ендік, 73.23 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mpv=5.9.

Энергетикалық класы K=12.7.

Тереңдігі h=187 шақырым.

NOVA24-LIVE Telegram арнасының https://t.me/nova24live/90170 хабарлауынша, 9 қаңтар күні сағат 2:14-те Тәжікстандағы жер сілкінісі Өзбекстанда сезілді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балды болған, ал Өзбекстан аумағында сезілуі мынадай:

- Ферғана облысы: 2-3,балл, 260 шақырым

- Әндіжан облысы: 2 балл, 85 шақырым

- Наманған облысы: 2 балл, 325 шақырым.

Бұған дейін Шыңжаңда жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум