Текелі қаласына жақын жерде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM – Жер сілкінісі Жетісу облысындағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Kazinform Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Текелі қаласына жақын жерде жер сілкінді
Фото: Анадолы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел деректері бойынша жер асты дүмпулері 2026 жылғы 4 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12:40-та (GMT 07:40) тіркелген. 

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 44,78 градус, шығыс бойлық 79,66 градус. Магнитудасы mb=3,7. Энергетикалық класс K=8,6. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында үшінші рет жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар