Теңіздегі бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теңіз вахталық елді мекеніндегі бұзақылық фактісі бойынша Атырау облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органдары қызметкерлері жанжал кезінде болған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша жағдай тұрақтанды», - делінген таратылған мәліметте.

Осы орайда Ішкі істер министрлігі шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралуына жол бермеу бойынша кеңес беріп отыр.

«Ол жерде қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде. Жағдай тұрақты және ішкі істер органдарының бақылауында», - деп нақтылады ведомство баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған фотосуретіне наразылық білдірді.

Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды.

Кейін Теңіз вахталық қалашығында жағдай тұрақтанғаны мәлім болды. Жұмысшылармен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары кездесті. «Оның қорытындысы бойынша, жұмысшылар өздерінің қызметтеріне кірісті, жағдай тұрақтанды. ТШО медициналық пунктінде 30 адамға көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олардың денсаулық жағдайына қатысты ешқандай қауіп жоқ. Қаза болғандар тіркелмеді», - деді облыс әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар