Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің финалына жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Алматы ITF W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Жібек Құламбаева жекелей сында ширек финалда ресейлік Анастасия Золотареваны тас-талқан етті – 6:0, 6:4.

Жібек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаямен таласады.

Ж.Құламбаева сондай-ақ жұптық сында ресейлік Екатерина Яшинамен бірге финалға шықты.

Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда үндістандықтар Чаудхари Вайдехи – Шривали Бхамадипатиді тізе бүктірді – 6:4, 3:6, 10:7.

Соңғы бәсекеде Ж.Құламбаева мен Е.Яшина ресейліктер Амина Аншба – Софья Лансере немесе Екатерина Маклакова – Александра Поспелова жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық екі теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті.

Теннисші Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты.




Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар