Тікұшақ апаты: Ақтөбелік дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері қазір күйік шалған, жарақат алған екі адамды емдеп жатыр. 

жедел жәрдем көлігі
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

— Екі науқастың да жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқастың қолын күйік шалған. Оның мойын омыртқасы сынған. Екіншісі науқастың кеуде тұсы, өкпесі зақымданған. Оның да қолын күйік шалған, — деді Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Турушев. 

Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.

Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. 

Екі науқасты күйік шалған. Олар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Әзірге науқастардың аты-жөні белгісіз.

Соңғы жаңалықтар