Тікұшақ апаты: Қорғаныс министрлігі апаттың әртүрлі нұсқасын қарастырып жатыр

тікұшақ апаты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі бірер күн бұрын Ақтөбе облысында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырау себебінің бірнеше нұсқасын болжап отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті.

«Өкінішке қарай, мұндай фактілер болып тұрады. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Комиссия жұмысынан кейін нәтижесі белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, әртүрлі нұсқалар, соның ішінде техниканың істен шығуы қарастырылып жатыр. Жалпы алғанда, кез-келген техниканың істен шығу қаупі бар. Аталған тікұшақ ең сенімді болып саналады және әлемнің 50-ден астам елінде қолданылады», - деді Сұлтан Қамалетдинов елордада өткен Digital army day іс-шарасы барысында. 

Еске сала кетсек, 9 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданя Сарыарқа ауылы маңында әскери тікұшақ жанып, бортта болған бір адам мерт болған еді. Екеуі ауруханаға жеткізілді. 

Ақтөбе облысының әкімдігі тікұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетіні туралы хабарлады. 

Ізін суытпай Ақтөбеде тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram