Тоқаев: Италиямен сирек жер металдарын игеру бағытында бірге жұмыс істеуге дайынбыз

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия — Италия» бірінші саммитінде Орталық Азиядағы сирек жер металдарының кен орындары туралы өзекті ақпараттың бәрін бір жерге жинақтайтын өңірлік зерттеу орталығын құру туралы бастаманы еске салды.

Экспорттық шектеу сирек жер элементтерінің бағасын шарықтатып жіберді
Фото: mil.sohu.com

— Өнеркәсіп кооперациясын нығайту үлкен келешектерге жол ашады. Бұл тұста Қазақстан сирек жер металдарының қомақты қорына иелік етіп отыр және біз осы бағытта Италиямен бірге жұмыс істеуге дайынбыз, — деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның осы салада маңызды бастамасы бар екенін еске салды.

 — Қазақстан Орталық Азиядағы сирек жер металдарының кен орындары туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын өңірлік зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді. Біз италиялық компанияларға «Стратегиялық шикізат орнына — инвестициялар мен технологиялар» формуласын басшылыққа ала отырып, сирек жер элементтері мен минералдарды бірлескен геологиялық барлау және өндіру үшін қолайлы жағдайлар ұсынуға дайынбыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммиті өтіп жатыр. 

Сондай-ақ, бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының екінші күніндегі пленарлық сессияға қатысты. 

Бұдан кейін Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі Ақордадағы келіссөз қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдаған болатын

Соңғы жаңалықтар