Трамп екі құдасын жоғары мемлекеттік қызметке ұсынды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ливандық миллиардер-бизнесмен Массад Булосты араб және Таяу Шығыс істері бойынша аға кеңесші қызметіне тағайындамақшы, деп жазады CBS News.

Трамп екі туысын жоғары мемлекеттік қызметке  ұсынды
Фото: Kazinform

Дональд Трамп жексенбі күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Массад Булосты кеңесші етіп таңдайтынын жариялады.

– Массад – тәжірибелі заңгер және үлкен халықаралық тәжірибесі бар беделді бизнес көшбасшы. Ол ұзақ уақыттан бері республикалық және консервативті құндылықтарды жақтап келеді, менің науқанымды қолдап, араб-америка қауымдастығымен жаңа коалиция құруда маңызды рөл атқарды, - деп жазды Трамп.

Ол Массад Булосты «АҚШ пен оның мүддесін қорғай» алатын «Таяу Шығыстағы бітімгер және бейбітшілікті жақтаушы» деп сипаттады.

Жаңа кеңесші - Дональд Трамптың жаңа әкімшілікте басшылық лауазымына сайланған екінші туысы. Массад Булостың ұлы Майкл Булос 2022 жылы Трамптың қызы Тиффаниге үйленген.

Truth Social-да сенбі күні жариялаған хабарламасында Трамптың қызы Иванканың қайын атасы Чарльз Кушнердің Франциядағы елші қызметіне ұсынылғанын хабарлады. Иванканың күйеуі Джаред Кушнер Дональд Трамптың президент ретіндегі бірінші мерзімінде аға кеңесшісі болған.

Truth Social веб-сайтында Трамп Чарльз Кушнерді «біздің еліміз бен мүддемізді қорғайтын тамаша іскер көшбасшы, филантроп және келіссөз жүргізудің шебері» деп атады.

Біраз уақыттан кейін жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың ауыспалы тобы Ақүймен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оған сәйкес келесі әкімшілік өз іс-қимылын федералды агенттіктермен үйлестіріп отыра алады. 

Бұған дейін Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындаулар жасаған болатын. Содан кейін ол Пентагонның жаңа басшысы кім болатынын атады. Ал миллиардер Илон Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды.

Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы лауазымына кіші Кеннедидің кандидатурасын ұсынды, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық барлау басқармасының басшыларын және Ақүйдің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың энергетика министрі лауазымына Liberty Energy мұнай компаниясының басшысын таңдады.

Дональд Трамп өзінің бұрынғы экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетті Ақ үйдің Ұлттық экономикалық кеңесінің басшылығына ұсынды.

Ол сондай-ақ миллиардер Скотт Бессентті қаржы министрі лауазымына ұсынды.

Соңғы жаңалықтар