Трамп өлім жазасын федералды деңгейде қайта енгізді
АСТАНА. KAZINFORM - Ол Бас прокурорға штаттарды өлімге әкелетін инъекциялы препараттармен қамтамасыз етуді тапсырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп федералды өлім жазасын қайта бастау туралы Жарлыққа қол қойды.
— Америка Құрама Штаттарының саясаты өлім жазасына рұқсат беретін заңдарды құрметтеуге және толығымен орындауға, сондай-ақ өлім жазасын орындауға кедергі жасау арқылы заңға нұқсан келтіретін саясаткерлер мен судьяларға қарсы тұруға бағытталған, - делінген жарлықта.
Бас прокурорға ауырлығы талап ететін барлық қылмыстар үшін өлім жазасын қолдануға нұсқау берілді.
- Бас прокурор өлім жазасы қолданылатын әр штаттың қажетті препартаттардың жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз ету үшін барлық қажеті заңды шараларды қолдануы керек, - делінген жарлықта.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп басқа елдердің дамуына көмек бағдарламаларын 90 күнге тоқтата тұру туралы жарлыққа қол қойды.
Ол сондай-ақ АҚШ-та Tik Tok-ты бұғаттауды кейінге қалдырды.
Бұған дейін АҚШ-тың жаңа президенті ант қабылдағаннан кейін қол қойған алғашқы жарлықтар туралы хабарланған болатын.