Түркия мен Армения шекарасында жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:49-да Түркия мен Армения шекарасында 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Түркия мен Армения шекарасында жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

AFAD төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сәйкес, эпицентрі Түркияның Карс провинциясындағы Акьяка ауданы мен Арменияның Ширак провинциясында орналасқан жер сілкінісі 6,52 км тереңдікте болды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар