Түркияда YouTube, X, TikTok, Instagram желілеріне шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық интернет-мониторинг қызметі Түркияда YouTube, X, TikTok және Instagram-дағы шектеулер туралы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Түркияда YouTube, X, TikTok, Instagram желілеріне шектеу қойылды
Фото: Рixabay

Түркия оппозициялық Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу ұсталған соң бірнеше әлеуметтік желіге кіруге шектеу қойды. Бұл туралы X желісінде NetBlocks халықаралық интернет-мониторинг қызметі хабарлады.

Оның мәліметінше, YouTube видеохостингі, X, TikTok, Instagram әлеуметтік желілеріне шектеу қойылған. Әзірге бұл туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

NTV арнасының хабарлауынша, Ыстанбұл Бас прокуратурасы Имамоглу мен тағы 100-ден астам адамға қарсы сыбайлас жемқорлық, пара алу және лаңкестермен ынтымақтастық жасады деген айып тағып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ердоғанның басты қарсыласын тұтқындауға ордер берілгенін жазған едік.

Ердоған Илон Маскпен ынтымақтастыққа мүдделі.

 

Соңғы жаңалықтар