Түркияда жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қара теңіздің Ыстанбұл маңындағы аумағында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

зілзала
Фото: Анадолы

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланың эпицентрі Ыстанбұлдың солтүстік-батыс бағытында, жағалаудан шамамен 16 шақырым қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.

Ал Кандилли сейсмологиялық обсерваториясы дүмпудің магнитудасын 3,9 балл деп бағалады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 19:44-те (Астана уақытымен 17:44) тіркелген. Оны мегаполистің бірнеше аудан тұрғындары сезінген.

Абырой болғанда, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында үрей байқалмаған.

Бұған дейін Түркияның батысы мен оңтүстік-батысында болған нөсер жауын ірі су тасқынына ұласқанын жазған едік.

Материал «Kazinform» агенттігіне серіктес ТАСС ақпараттық агенттігі тарапынан ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар