Түркістан облысында бір отбасының үш адамы иіс тиіп қайтыс болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш мүшесі улы газдан қаза тапты. Олардың бірі - анасы, екеуі - бала. Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды.

иіс тиді
Фото: ШҚО ТЖД

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген.

– Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұдан бұрын Кентауда газ жарылысынан 1 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілгенін жазған едік. 

Аталған газ жарылысынан зардап шеккен екінші адамның көз жұмғаны хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар