ТЖК басшысы Сергеев су қоймасының жағдайы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Сергеев қоймасының суын Петропавлға қарай қай кезде жіберілетінін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖК басшысы  Сергеев су қоймасының жағдайы туралы айтты

«Қазіргі кезде Сергеев қоймасындағы су ернеуіне жетіп қалды. 35 сантиметрдей қалды. Алдағы екі аптаның ішінде судың тасуы байқалатын шығар. Себебі Ақмола облысындағы судың бәрі Сергеев қоймасына барып құйылады. Сосын ары қарай оны өзеннің бойымен Петропавлға қарай жібереді. Ол жақта да арнайы су торабы бар», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының айтуынша, бүгінде құтқарушылар Ақмола облысының Целиноград, Атбасар мен Астраxан аудандарын ерекше бақылауда ұстап отыр. Ол жақта Жабай мен Колутон өзендерінің суы күрт көтеріліп кеткен. Осы судың бәрі ары қарай Есілмен Сергеев қоймасына барады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай туралы айтып берді. Ол жақта екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады. В.Беккердің сөзіне қарағанда, Қарағанды облысы бойынша су тасқынының ең қауіпті кезеңі артта қалды. Бұдан бөлек, ол Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар жолдың судан бұзылуына себеп болған мәселені де атады.