ТЖМ аязға байланысты өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің аумағында температураның күрт төмендеуі күтіледі. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

р
Фото: Алматы ТЖД

Ведомство мәліметінше, бірінші кезекте пешпен жылытудың, электр және газ жылытқыштарының жарамдылығын тексеру қажет.

Сонымен қатар:

— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;

— жабдықтың қызып кетуіне жол бермеңіз және тоққа қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмаңыз;

— жанғыш материалдарға дейінгі қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;

— қолдан жасалған немесе ақауы бар жылытқыштарды пайдаланудан бас тартыңыз;

— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда оларды тазалаңыз.

ТЖМ жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін атап өтті.

Айта кетейік, алдағы күндері елімізде -40°С-қа дейін аяз болады.

Бұдан бұрын СҚО-да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар