16:52, 16 Желтоқсан 2024 | GMT +5
UEFА ең үздік клубтардың рейтингін жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – UEFА ресми сайтындағы клубтардың рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Kazinform Uefa.com-ға сілтеме жасап.

Бірінші орын Англия Премьер-Лигасының қазіргі чемпионы «Манчестер Ситиге» бұйырды. Екінші орынды мадридтік «Реал» иеленді. Үздік үштікті мюнхендік «Бавария» аяқтады.
Одан бөлек, «Ливерпуль», «Рома», «ПСЖ», «Челси», «Интер» және «Вильярреал» үздік ондыққа енді.
UEFА бұл рейтинг клубтардың соңғы бес маусымдағы нәтижелері бойынша жасалғанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.