UEFA еуропалық футбол клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық футбол ассоциациясы одағы (UEFA) Еуропа клубтарының жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады.

УЕФА
Фото: sports.ru

Аталған рейтингте Испанияның «Реал Мадрид» клубы көш басында тұр. Одан кейінгі орындарда «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия) командалары келеді.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Интер» (Италия), «Челси» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Англия), «Рома» (Италия) және «Барселона» (Испания) жайғасқан. 

Ал еліміздің атынан сынға түсіп жүрген клубтар арасында «Астана» — 134, «Тобыл» — 183 орынға жайғасқан. Ал «Қайрат» — 266, «Ордабасы» — 306, «Ақтөбе» — 352, «Шахтёр» — 376, «Қызылжар» — 387, «Қайсар» — 388 орынға тұрақтады.

Айта кетсек, биыл «Қайрат» Чемпиондар лигасында бақ сынаса, «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Астана» мен «Ордабасы» Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.

Олардың қатарында Болгарияның «Лудогорец», Словенияның «Олимпия», Швецияның «Мальме», Литваның «Жальгирис», Латвияның РФС, Финляндияның КуПС, Гибралтардың «Линкольн», Косовоның «Дрита», Исландияның «Брейдаблик», Солтүстік Ирландияның «Линфильд», Черногорияның «Будучност» және өзге де клубтар бар.

Соңғы жаңалықтар