UFC 311 турнирі өртке байланысты Лос-Анджелесте өтпеуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Калифорнияда өрт салдарынан жағдай нашарлай түссе, UFC 311 Лос-Анджелесте емес, Лас-Вегаста өтуі мүмкін. Бұл туралы Ultimate Fighting Championship (UFC) бас директоры Дана Уайт айтты, деп хабарлайды Report агенттігі Bloody Elbow порталына сілтеме жасап.

UFC 311 турнирі өртке байланысты Лос-Анджелесте өтпеуі мүмкін
Фото: report.az

Іс-шара 19 қаңтарға қараған түнге жоспарланған.

– Егер өрт күшейсе, біз Вегасқа келеміз... Егер жағдай шынымен нашарласа, оны (UFC 311) Вегаста өткіземіз, бірақ әзірге іс-шаралар әдеттегідей жалғаса береді, – деді ол.

Айта кетейік, Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

Жұма күні кешке жергілікті билік өртке байланысты тұрғындар босатқан Тынық мұхиты Палифик-Палисейдс және Итон аудандарында сағат 18.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат жариялады.

Байден Калифорниядағы өртті штат тарихындағы ең жойқын деп атады.

Соңғы жаңалықтар