ҰҚК қазан айында қандай қылмыс тіркелгенін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – ҰҚК қазан айында тіркелген қылмыс туралы мәлімет жариялады.

ҰҚК Өскемен тұрғынын ұрлап, өлтіріп кеткен күдіктіні ұстады
Фото: ҚР ҰҚК

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;

- 190-бап (алаяқтық) – 16; - 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;

- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;

- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;

- 366-бап (пара алу) – 26; - 367-бап (пара беру) – 11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;

- 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;

- 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;

- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 2.

Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

- 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) – 1;

- 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 1;

- 190-бап (алаяқтық) – 17;

- 366-бап (пара алу) – 19; - 367-бап (пара беру) – 11;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 5.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетейік, ҰҚК Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған терактінің алдын алды.

Соңғы жаңалықтар