ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия, — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

— Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Алматыда сарбаз әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен еді

Соңғы жаңалықтар