Ұлыбритания Үндістандағы әуе апаты болған жерге тергеушілерін жібереді

АСТАНА. KAZINFORM –  Инспекторлар оқиға орнына 13 маусым күні түсте барады, деп хабарлайды ТАСС

Ұлыбритания Үндістандағы әуе апаты болған жерге тергеушілерін жібереді
Фото: Reuters

Sky News дерегінше, Ұлыбритания үкіметі Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған Үндістанның Ахмедабад қаласына төрт адамнан тұратын тергеушілер тобын жібереді. 

Бұл туралы Sky News телеарнасы Ұлыбритания Көлік министрлігінің арнайы кеңесшісіне сілтеме жасап хабарлады.

Хабарламада инспекторлардың 12 маусым кешке Лондоннан ұшып шығып, 13 маусым күні түсте оқиға орнына жететіні айтылған. 

Айта кетелік бүгін бортында 240 адам болған Air India ұшағы апатқа ұшырап, дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлаған. СІМ апатқа ұшыраған бортта зардап шеккен қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді. Сонымен қатар бір жолаушы тірі қалғаны туралы да жазған едік

 

Соңғы жаңалықтар