Ақтөбеде су тасқыны кезінде қирап қалған үйлерді бұзуға 250 млн теңге жұмсалады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында су тасқыны кезінде 191 үй апатты деп танылды. Биыл үйлерді сүруге бюджттен қаржы бөлінеді.

қираған үй
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ашық НҚА порталында «2025-2027 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу жобасы жарияланды. Онда 19 млрд теңгені қайта бөлу жобасы ұсынылды.

Порталдағы ақпаратқа сүйенсек, су тасқынынан зардап шеккен 191 тұрғын үйді бұзу үшін алдымен жобалық-сметалық құжат әзірленеді. Кейін сүріп, қоқыс полигонына жеткізуге 250 млн теңге жұмсалады. Қирап қалған үйдің бәрі Ақтөбе қаласы Алматы ауданында орналасқан. 

Айта кетейік, Ақтөбе қаласының бюджеті биыл 144 млн теңге болып тұр. Қаладағы Алматы және Астана аудандарында стихиялық қоқысты жинап, шығаруға 250 млн теңге бөлінетін болды.

Ал шағын архитектуралық мүсіндерді орнатуға 308 млн теңге жұмсалады. Былтыр жыл соңында қалада «қағаз ұшақ» орнатылып, көпшілік сынына ұшыраған болатын.

Соңғы жаңалықтар