Үндістандағы апат: қаза тапқандардың нақты саны ДНҚ сараптамасынан кейін жарияланады
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның батысындағы Air India әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағының апатқа ұшырауы нәтижесінде қаза тапқандардың нақты саны ДНҚ сараптамалары аяқталғаннан кейін белгілі болады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы апат орнына келген Үндістанның ішкі істер министрі Амит Шах журналистерге мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұшақ бортында 230 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
Ол апатқа ұшыраған ұшақта бір адамның аман қалғанын растады.
— Бүгін күндіз Air India компаниясының AI171 рейсін орындаған ұшағы апатқа ұшырады. Көптеген жолаушы қаза тапты деп қауіптенеміз. Ұшақта 230 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Бір адамның аман қалғаны көңілге медеу болды. Қаза тапқандардың нақты саны ДНҚ сараптамаларынан кейін жарияланады, — деді қосты Амит Шах.
Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787 Dreamliner ұшағы бортында 242 адаммен Үндістанның батысындағы Ахмедабад қаласының маңында орналасқан тұрғын ауданға ұшып шыққаннан кейін бірден құлап түсті. Ұшақ Лондонға бағыт алған болатын. The New Indian Express газетінің хабарлауынша, апат салдарынан 310-нан астам адам қаза тапқан, олардың арасында ұшақтағы жолаушылармен қатар жатақхана тұрғындары да бар.
Айта кетелік бүгін бортында 240 адам болған Air India ұшағы апатқа ұшырап, дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлаған. СІМ апатқа ұшыраған бортта зардап шеккен қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеді. Сонымен қатар бір жолаушы тірі қалғаны туралы да жазған едік. Сондай-ақ Ұлыбритания Үндістандағы әуе апаты болған жерге тергеушілерін жібереді.