VI Ислам ынтымақтастығы ойындары: Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында спортшылар қалашығында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Қазақстаннан келген спортшылардың алғашқы легі қалашыққа орналасып, жатын орындарымен танысты.

Айта кетерлігі, 7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтетін айтулы бәсекеде әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшылар бақ сынайды.

Қазақстаннан 98 отандасымыз 15 спорт түрінен жүлдеге талас жүргізеді.

Ислам ынтымақтастығы ойындарында кімдерге сенім артатынымызды жазған едік.

Алты қазақстандық балуан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын қорғайды.
Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэден Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды.