12:04, 01 Наурыз 2023 | GMT +5
Вице-министр тікұшақ апатының ықтимал себебін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тікұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ пайдалануда көп болмаған, яғни жаңа техника екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Сондықтан комиссия жұмысы нәтижесінде нақты себебі анықталады», - деді М. Пішембаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 23 ақпанда БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын жазған едік.
Сонымен қатар бұл тікұшақ 2021 жылы жасап шығарылғаны хабарланды.