Жалған хаттама толтыруды әдетке айналдырған ақтөбелік полициейлерге планшет сатып алынады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметі 100 планшет сатып алады. Себебі, полиция қызметкерлері жалған әкімшілік хаттама толтыруды әдетке айналдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облыстық прокуратурасы Жергілікті полиция қызметін тексеріп, жалған әкімшілік хаттама толтыру деректерін анықтады. Тіпті өзге өңірде тұратын адамдар негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Прокурорлар тексеру жүргізген соң полиция қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының облыстық департаменті қылмыстық істі тергеу барысында жалған хаттамалардың жасалғанын анықтады. Қазіргі күні ондаған жалған хаттама жасалғаны белгілі болып отыр. Осы дерекке қатысты әкімшілік өндірістік құжаттарды электронды форматқа ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық прокуратурасының ұсынысымен жергілікті әкімдік Жергілікті полиция қызметіне 100 планшет сатып алады. Бюджеттен 13,7 миллион теңге бөлінді. Енді хаттамалардың барлығы электронды түрде толтырылады»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар