Жамбыл облысында ер адамнан 43 келіден астам марихуана тәркіленді

ТАРАЗ. KAZINFORM — Күдікті аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

марихуана
Фото: облыстық ПД баспасөз қызметінен

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальоны және кинологиялық қызметпен бірлесіп, 56 жастағы ер адамды ұстады.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолының Қордай ауылының маңында «Мерседес-Бенц» көлігі тоқтатылды. Иісшіл итпен тінту кезінде артқы орындықтан үш полиэтилен пакеттегі ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 43 келі 630 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Алматыда есірткіні жасырын таратқан 29 жастағы күдікті ұсталды.

Сондай-ақ Ресейден әкелінген есіркіні Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға кіргізбек болған азамат қолға түсті.

 



Соңғы жаңалықтар