Жамбыл облысында кәсіпкерлерге 290 млрд теңге несие берілген
АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында бизнесті дамытуға 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд теңге несие берілген. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев есеп беру брифингінде айтты.
Өңір әкімінің айтуынша, берілген несие ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52 млрд теңгеге 1218 жоба іске асырылды.
— Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім көлемі 18,1%-ға артты, бұл 765 млрд теңге. Қазір 109,1 мың субъект жұмыс істеп тұр, онда жұмыспен қамтылғандар саны — 165,4 мың адамды құрады, онда 165,4 мың адам жұмыспен қамтылған, — деді Е. Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Облыста щағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 348 млрд теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі — 22,5% құрады.
Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылған.
Айта кетейік, Жамбыл облысы Қазақстанды стратегиялық маңызы бар химия өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр.
2029 жылға дейін Жамбыл облысында 4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асырылады және 8,3 мың жұмыс орны құрылады.