Жамбыл облысында жол жабылды
ТАРАЗ.KAZINFORM – ҚазАВтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
- Бүгін, 31 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Қозғалыс ескі Қордай перевалы арқылы болады.
Жолды 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін 4 облыстағы 5 республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік.
Қарағанды және Ақмола облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.